QZv
Главная > Өтінім беру

Өтінім беру

2023-2024 оқу жылына тіркеу

Quantum STEM мектебіне қабылдау

Біздің мектептің табалдырығын кез келген сыныпта аттауға болады, себебі біз әр оқушы үшін тиімді жеке оқу жоспарын құратын боламыз. 

 

Quantum STEM мектебіне қабылдау 2 кезеңнен тұрады:

  1. 1-сыныптарға жеке сұхбат жүргізу және 2-11-сыныптарға үміткерлер үшін жазбаша тестілеу.
  1. Үміткерлердің ата-анасымен сұхбат.
 

Конĸурс бос орын болған кезде ғана жүзеге асады. Бос орын болмаған жағдайда, толтырылған өтінім күту тізіміне қосылады. Бос орын пайда болған кезде, комиссия жақын мерзімде кезектес тыс іріктеу өткізе алады. 

 

Сұхбат немесе тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушыға басымдық беріледі. Оқу тіліне, бос орындар санына және сыныпқа байланысты шекті ұпай өзгеріп отырады. 

 

Жеке әңгімелесудің немесе тестілеуінің нәтижелері өтініште көрсетілген электрондық поштаға екі апта ішінде жіберіледі. Өтініш беруші шекті ұпайды жинаған жағдайда, өтініш берушінің ата-анасы әңгімелесуге шақырылады.

1

1-сыныпқа қабылдау кезінде жеке әңгімелесу өткізіледі.Сұхбаттың мақсаты – оқуды, математиканы және логиканы тексеру.

2-7

2-7 сыныптарға оқуға қабылданушылар үшін оқыту тіліне сәйкес (қазақ немесе орыс тілі) грамматика, ағылшын тілі, математика, логика және креативті инженерлік тапсырма бойынша тестілеу өткізіледі

8-11

8-11 сыныптарға оқуға қабылданушылар үшін келесі пәндер бойынша тестілеу өтеді: ағылшын тілі, математика, химия, физика, билогия және креативті инженерлік тапсырма.

Экскурсия

Сізді және сіздің балаңызды QUANTUM STEM мектебімен танысуға шақырамыз. Біз мектеп бойынша экскурсия өткізіп, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

Q logo